• Біздің парақшалар:

Marvel киноғаламының қаһармандары туралы бірнеше сериал жасалады

Marvel киноғаламының қаһармандарына арналған сериалдар туралы біраз ақпар белгілі болды. Кейіпкерлер осыған дейін шыққан фильмдерден алынады. 

Атап айтқанда, әзірге үш жоба туралы белгілі: Алқызыл Мыстан мен Вижен, Локи, Қысқы сарбаз бен Сұңқар. Сериалдардың қалай аталатыны да жарияланды: "ВандаВижен" ("WandaVision"), "Локи" ("Loki"), "Сұңқар мен Қысқы Сарбаз" ("The Falcon and The Winter Soldier").

Бұлардың барлығы келешекте Disney+ видеосервисінен көрсетілетін болады. Ағынды сервистің ашылуы Солтүстік Америкада 2019 жылдың 12 қарашасына жоспарланған. Басқа елдер үшін 2020 жылдың басында қол жетімді болмақ.

Аталған сериалдардың премьера күні әзірге белгісіз. Алғаш болып "Қыран мен Қысқы Сарбаз" шығатыны белгілі. Фильмдегі кейіпкерлер сериалдарға да қатысатын болады.

Пікірлер