• Біздің парақшалар:

Хоббиттер туралы шығарма авторы жайында фильм түсірілді

Ағылшын жазушысы Джон Толкин туралы фильм түсірілді. Қаламгер образын Николас Холт, ал әйелінің рөлін Лили Коллинз сомдайды.

Фин режиссері Доме Карукоски түсірген картинада жетім қалған қаламгердің тұлғаға айналу жолы көрсетіледі. Оның Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, Жерорта туралы атақты шығармалардың пайда болу тарихы баяндалады.

"Толкин" ("Tolkien") фильмінің әлемдік премьерасы 3 мамырға белгіленген.

Джон Рональд Руэл Толкин - 1892-1973 жылдар аралығында өмір сүрген жазушы, ақын, аудармашы, лингвист, филолог. Оксфорд университетінің профессоры. Ол көпшілікке "Хоббит, Аттану және оралу", "Сақиналар әміршісі" және "Сильмариллион" секілді классикалық қиял-ғажайып шығармаларымен белгілі.

Еске сала кетейік Николас Холт осыған дейін басқа жазушы Джером Сэлинджер туралы "Қарабидай алқабындағы бүлікші" драмасында басты рөлде ойнаған еді.

Пікірлер