• Біздің парақшалар:

Джеймс Бонд туралы 25 фильмге қатысты бірқатар деталдар белгілі болды

Джеймс Бонд туралы 25-ші фильмге қатысты бірқатар деталдар белгілі болды. 

2018 жылы режиссерлік міндетінен бас тартқан Дэнни Бойлдың орнына Кэри Фукунага келді. Сондай-ақ басты зұлымды ойнайтын актер де белгілі болды - ол биыл "Оскар" алған Рами Малек.

Басты рөлге Дэниэл Крэйг оралады. Одан бөлек актерлік құрамда Леа СейдуРэйф ФайнсБен УишоуНаоми УоттсРори Киннер секілді актерлер бар.

Сюжет бойынша агент 007 қызметтен кетіп, Ямайкада тыныш өмір кешіп жүреді. Бірақ ескі досы Феликс Ляйтер байланысқа шығып, көмек сұрайды. Ол әлдекімдер ұстап алып кеткен ғалымды құтқаруы керек. Бонд жаңа технологиялармен жарақтанған құпия зұлымның соңына түседі.

25 эпизодтың ресми атауы әзірге белгісіз. Прокаты 2020 жылы сәуірге жоспарланған.

Пікірлер