• Біздің парақшалар:

Былтыр қазақша дубляждалған голливудтық екі фильм Blu-ray болып шықты

Disney студиясының «Шақылдақ және төрт патшалық» және «Ральф интернетке қарсы» фильмдері Blu-ray түрінде шықты.

«Ральф интернетке қарсы» - қазақ тіліне дубляжданған 26-шы картина, оның Қазақстандағы премьерасы 2018 жылы 22 қарашада өтті. 

Disney студиясының мақұлдауымен мультфильмнің қазақша дубляжына мына актерлер бекітілген: Жәнібек Мұсаев («Ральф»), Инабат Әбенова («Ванилопа Фон Кекс»), Олжас Жақыпбек («Мастер Феликс»), Алтынай Ногербек («Сержант Калхун»), Айман Есенқызы («Иесс»), Сая Тоқманғалиева («Шэнк»).

«Ральф интернетке қарсы» анимациялық картинасын дыбыстауда режиссер Шах-Мұрат Ордабаев, аудармашы Әсел Мамырова, мәтін өңдеушілері Гүлжан Сауыртаева және Шах-Мұрат Ордабаев жұмыс атқарды.

Ал «Шақылдақ және төрт патшалық» киноертегісінің жұмысына қырыққа жуық кәсіби қазақстандық актер қатысты: Айкөркем Әділгереева («Клара Штальбаум»), Заңғар Әбенов («Филип Хоффман»), Санди Госман («Фея Дражже»), Боранбай Молдабаев («Дросселмейер»), Алтынай Ногербек («Мари Штальбаум»), Майра Омар («Матушка Джинджер»). Басты кейіпкерлердің дауыстары Диснейдің ресми дауыс дерекқорына енгізілген.

«Шақылдақ және төрт патшалық» картинасын дыбыстауда режиссер Шах-Мұрат Ордабаев, аудармашы Әсел Мамырова, мәтін өңдеуші Гүлжан Сауыртаева жұмыс атқарды.

«Шақылдақ және төрт патшалық» көркем фильмі — қазақ тілінде дубляжданған 27 фильм. Қазақстандағы премьерасы 2018 жылы 8 желтоқсанда өтті. 

Аталған екі жобаны да жүзеге асырған «Болашақ» корпоративтік қоры. Дискілерді «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады. Бағасы 3600 теңге.

Осы орайда айта кетелік, осыған дейін қазақ тіліне дубляждалған фильмдерді ivi онлайн-кинотеатрынан көруге болады.

«Ральф интернетке қарсы» - қазақ тіліне дубляжданған 26-шы картина, оның Қазақстандағы премьерасы 2018 жылы 22 қарашада өтті. 

Disney студиясының мақұлдауымен мультфильмнің қазақша дубляжына мына актерлер бекітілген: Жәнібек Мұсаев («Ральф»), Инабат Әбенова («Ванилопа Фон Кекс»), Олжас Жақыпбек («Мастер Феликс»), Алтынай Ногербек («Сержант Калхун»), Айман Есенқызы («Иесс»), Сая Тоқманғалиева («Шэнк»).

«Ральф интернетке қарсы» анимациялық картинасын дыбыстауда режиссер Шах-Мұрат Ордабаев, аудармашы Әсел Мамырова, мәтін өңдеушілері Гүлжан Сауыртаева және Шах-Мұрат Ордабаев жұмыс атқарды.

Ал «Шақылдақ және төрт патшалық» киноертегісінің жұмысына қырыққа жуық кәсіби қазақстандық актер қатысты: Айкөркем Әділгереева («Клара Штальбаум»), Заңғар Әбенов («Филип Хоффман»), Санди Госман («Фея Дражже»), Боранбай Молдабаев («Дросселмейер»), Алтынай Ногербек («Мари Штальбаум»), Майра Омар («Матушка Джинджер»). Басты кейіпкерлердің дауыстары Диснейдің ресми дауыстық дерекқорына енгізілген.

«Шақылдақ және төрт патшалық» картинасын дыбыстауда режиссер Шах-Мұрат Ордабаев, аудармашы Әсел Мамырова, мәтін өңдеуші Гүлжан Сауыртаева жұмыс атқарды.

Аталған екі жобаны да жүзеге асырған «Болашақ» корпоративтік қоры. 

«Шақылдақ және төрт патшалық» көркем фильмі — қазақ тілінде дубляжданған 27 фильмҚазақстандағы премьерасы 2018 жылы 8 желтоқсанда өтті

Осы орайда айта кетелік, осыған дейін қазақ тіліне дубляждалған фильмдерді көрермендерivi онлайн-кинотеатрынан көре алады.

Пікірлер