• Біздің парақшалар:

Әлия Молдағұлова туралы фильм түсіріледі

Қазақстан мен Қытай бірлесіп, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы көркем фильм түсіреді.

Бұл туралы 8 мамырда Алматыда өткен баспасөз концеренциясында белгілі болды. "Әлия" әскери-тарихи драмасының сценарий авторы, режиссері және продюсері - Рашид Сүлейменов.

Жобаның өндірісіне Қазақстан тарапынан Samruk Cinema компаниясы, ал ҚХР тарапынан осы елдің мәдениет, кино және телевидені дамыту қоры қатысады. Режиссер фильмнің Қазақстан тарапынан қаржыландырылуын краундфандинг арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Түсірілім жұмыстары Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде жүруі тиіс. Әзірге түсірілім кестесі мен прокат күні айтылған жоқ.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Кеңес Одағының батыры, мерген, ефрейтор. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында ерлікпен қаза тапты.

Пікірлер