• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: қазақша "Малефисента 2" және "Әлдекім 2"

"Maleficent: Mistress of Evil" (қазақша мағынасы: "Малефисента: Зұлымдық әміршісі") - Disney студиясының 2014 жылғы киноертегісінің жалғасы. Басты рөлдерде Анджелина Джоли мен Эль Фаннинг ойнайды.

Екінші картинаның оқиғасы арада бірнеше жыл өткен соң жалғасады. Сюжетте түнек перісі мен болашақ патшайым арасындағы күрделі қарым-қатынас, сиқырлы орманды қорғау ісіндегі жаңа одақтастар мен қарсыластар, онда өмір сүретін сиқырлы тіршілік иелері туралы айтылады.

Негізгі актерлік құрамға Мишель ПфайфферЭд СкрейнЧиветель Эджиофор қосылған. Түсірген - норвег режиссері Хоаким Роннинг.

Екінші "Малефисента" да алғашқысы секілді прокатқа қазақша дубляжбен шығады. Премьерасы биыл 17 қазанда.

Қазақша ролик:

Ресми тизер:

 

"It Chapter Two" (қазақша мағынасы: "Әлдекім: Екінші тарау") - Стивен Кингтің аттас шығармасы негізінде түсірілген 2017 жылғы хоррордың жалғасы.

Екінші тарауда есейге басты кейіпкерлер балалық шақта қалған зұлым күн иесімен қайта бетпе-бет келеді. Бірінші фильмнен кейін арада 27 жыл өтеді. Қорқынышты клоун Пеннивайз қайта оралады.

Бала кейіпкерлердің ересек кезін сомдауға белгілі жұлдыздар тартылған: Джеймс МакЭвойДжессика ЧестейнБилл Хейдер, т.б. Пеннивайз образында тағы да Билл Скарсгард, режиссері - Андрес Мускетти.

Фильм премьерасы биыл 5 қыркүйекке белгіленген.

Ресми тизер-трейлер:

Пікірлер