• Біздің парақшалар:

"Терминатор: Бұлыңғыр тағдыр" фильмінің алғашқы трейлері

Paramount Pictures студиясы "Терминатор: Бұлыңғыр тағдыр" ("Terminator: Dark Fate") фильмінің алғашқы тизер-трейлерін жариялады.

Өз рөлдеріне түпнұсқа фильмде ойнаған Линда Хэмилтон мен Арнольд Шварценеггер оралды. Сондай-ақ Маккензи Дэвис, Наталия Рейс, Диего Бонета, Гэбриел Луна секілді актерлер бар.

Фантастикалық боевикке "Дэдпулды" түсірген Тим Миллер режиссер болды. Продюсері - түпнұсқа "Терминаторды" жасаған Джеймс Кэмерон.

Продюсер осыған дейін хабарлағандай, "Бұлыңғыр тағдыр" үшінші, төртінші, бесінші "Терминатордың" оқиғаларын сызып тастайды. Яғни бұл екінші бөлімнің тікелей жалғасы болмақ.

Фильм биыл қазанда жарық көреді.

Тизер-трейлер:

Орысша дубляждалған трейлер

Пікірлер