• Біздің парақшалар:

72 Канн кинофестивалінің жеңімпаздары

72 Канн кинофестивалі 2019 жылы 14-25 мамыр аралығында өтті. Негізгі конкурстың қазылар алқасын 4 мәрте "Оскар" иегері Алехандро Гонсалес Иньярриту басқарды.

Биылғы фестиваль 2019 жылы наурызда қайтыс болған, белгілі француз режиссері Аньес Вардаға арналды.

Кинофестиваль қорытындысында бас жүлде - "Алтын пальма бұтағын" Оңтүстік Кореядан келген Пон Джун-хоның "Паразит" / "Parasite" картинасы жеңіп алды.

Негізгі конкурс лауреаттары:

  • Гран-при: "Атлантика" / "Atlantique", реж. Мати Диоп (Франция, Сенегал)
  • Үздік режиссер: Жан-Пьер Дарденн және Люк Дарденн - "Жас Ахмед" / "Le jeune Ahmed" (Бельгия)
  • Үздік сценарий: Селин Скьямма - "Отқа оранған бойжеткеннің портреті" / "Portrait de la jeune fille en feu" (Франция)
  • Үздік еркек рөлі: Антонио Бандерас - "Күю мен даңқ" / "Dolor y gloria" (Испания)
  • Үздік әйел рөлі: Эмили Бичем - "Балақай Джо" / "Little Joe" (Ұлыбритания)
  • Қазылар сыйлығы: Джулиано Дорнелл және Клебер Мендонса Фильо - "Ешкіемерлер" / "Bacurau" (Бразилия) және Ладж Ли - "Аластатылғандар" / "Les misérables" (Франция)
  • Құрмет "Алтын пальма бұтағы": Ален Делон
  • Үздік дебют фильм үшін "Алтын камера": Сезар Диаз - "Біздің аналарымыз" / "Nuestras Madres" (Бельгия)

"Ерекше қөзқарас" конкурсында Карим Айнуздың "Эвридике Гусмаоның қалтарыстағы өмірі" / "A vida invisível de Eurídice Gusmão" фильмі жеңімпаз болды. 

Биыл ТМД елдерінен ерекше көзге түскені Кантемир Балаговтың "Дылда" (Ресей) фильмі болды. Картина "Ерекше көзқарас" конкурсында "Үздік режиссура" номинациясында үздік шықты және ФИПРЕССИ тәуелсіз жүлдесіне ие болды.

Пікірлер