• Біздің парақшалар:

"Біздің сүйікті дәрігер" комедиясының жалғасы түсіріледі

1957 жылғы "Біздің сүйікті дәрігер" / "Наш милый доктор" комедиясының жалғасы түсіріледі.

Дәрігер Анатолий Николаевич рөліне Қазақ КСР халық әртісі, 96 жасар актер Юрий Померанцев оралады. Сондай-ақ басты рөлге жас әнші Данэлия Төлешова түседі.

"Біздің сүйікті дәрігер 2" мюзикл-комедиясына Асқар Бисембин режиссер болып бекітілді, сценариін де жазған өзі. Өндірісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында жүреді. 

Сюжет бойынша Алматыдағы ауруханалардың бірінде сүйікті дәрігер әрі тәлімгер Николай Анатольевич Грачевтың 80 жылдығы аталып өтпекші. Бұл мерейтойға аурухана ұжымы мен бас дәрігер де дайындалады. Алайда мерейтой иесі туған күнін атап өткенді ұнатпайды. Бұл күнді ол жалғыз қарсы алғысы келеді. Тәлімгер-дәрігерді құттықтауға министрліктен адамдар келетіні белгілі болған соң жас дәрігер Қайсар мен хатшы қыз Жаннаға мерейтой иесін табу тапсырылады. Жаннаға сіңлісі бірге еріп шығады. Осылайша кейіпкерлердің қызықты оқиғалары басталады.

Картинаның қашан жарық көретіні әзірге айтылған жоқ.

"Біздің сүйікті дәрігер" / "Наш милый доктор" - Шәкен Айманов түсірген 1957 жылғы комедия. Басты рөлдерде Юрий ПомеранцевРоза ЫсмайыловаЕвгений ДиордиевЕрмек СеркебаевМүлік СүртібаевВалентина Старжинская ойнады. Фильм Азия мен Африка мемлекеттерінің халықаралық кинофестивалінде (Ташкент), Бүкілодақтық кинофестивальде (Киев) марапатқа ие болды.

Пікірлер