• Біздің парақшалар:

Нұр-Сұлтанда алғаш рет Comic Con өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында алғаш рет Comic Con фестивалі өтеді. Бұндай ауқымдағы шара Орталық Азияда бірінші рет болғалы отыр.

Фестивалге елімізден және өзге мемлекеттерден 70 мыңдай қонақ қатысады деп күтілуде. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Convention Bureau ұйымдастырып отыр.

Қатысушылар арасында Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros. Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment өкілдері бар. Сондай-ақ косплейшілер, суретшілер, комикс пен манга өнеріне, кино мен поп-мәдениетке қатысы бар басқа да тұлғалар бас қосады. 

Шара қонақтарының арасында Пилу Асбек бар. Дат актері "Тақтар ойыны" сериалында Эурон Грейджой рөлімен белгілі.

Comic Con Astana ЭКСПО-дағы Конгресс-Орталықта өтеді.

Пікірлер