• Біздің парақшалар:

Бен Аффлекті алмастырып, Бэтмен рөліне келген актердің есімі белгілі болды

Мэтт Ривз түсіргелі жатқан Бэтмен туралы фильмге басты рөлге актер тағайындалды. Жобадан кеткен Бен Аффлектің орнына Роберт Паттинсон келді. 

Бэтмен рөліне екі актер қарастырылған екен - Роберт Паттинсон мен Николас Холт. Екеуі де сынақтан өтіп, нәтижесінде таңдау біріншісіне жасалған.

Брюс Уэйн/Готэм рыцарі туралы жоба трилогия түрінде болады және қаһарманның жастау кезіне арналады. Трилогияда - Робин, Мысық әйел, Пингвин, Жұмбақшы секілді осы ғаламның танымал кейіпкерлері болады деп айтылуда. Түсірілім 2020 жылдың бірінші жартысында басталмақ.

Бастапқыда Бэтменге арналған дербес фильмді Бэн Аффлек түсіреді және басты рөлді де өзі ойнайды деп жоспарланған еді. Алайда "Әділет лигасының" сәтсіз прокаты, актердің жеке проблемалары (ажырасу, алкоголизмнен емделу) оның жобадан кетуіне себеп болды. Аффлек ұзақ уақыт бойы жазған сценарий қажет болмай қалды, сценарийдің жаңа нұсқасын Ривз жазып шықты.

Пікірлер