• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: "Рэмбо 5", "Форд Феррариге қарсы"

"Рэмбо: Соңғы қан" ("Rambo: Last Blood") - франшизаның бесінші және ақырғы бөлімі. Вьетнам соғысының ардагері Джон Рэмбо рөліне Сильвестр Сталлоне соңғы рет оралып отыр.

Сюжетте өмірінің соңғы күндерін Мексика шекарасына жақын жердегі фермада өткізіп жатқан Рэмбо көрсетіледі. Танысының қызы жоғалып кеткеннен кейін оны табуға көмектеспек болады. Іздеу барысында Рэмбо наркокартелдің жендеттеріне ұрынады. 

Режиссері - Адриан Грюнберг, оның кино әлемінде тәжірибесі үлкен емес. Фильм премьерасы биыл 19 қыркүйекте.

"Форд Феррариге қарсы" ("Ford v. Ferrari")Джеймс Мэнголд ("Құну", "Логан") түсірген тарихи драма.

Сюжетте америкалық инженерлер мен дизайнерлер тобы туралы айтылады. 1960 жылдары конструктор Кэрролл Шелбидің жетекшілігімен және британ шабандозы Кен Майлстың қолдауымен мүлдем жаңа спорткар жасалуы тиіс еді. Олардың мақсаты - әлі жеңіліс көрмеген Ферраридің басып озу.

Басты рөлдерде Кристиан БэйлМэтт ДэймонДжон Бернтал, т.б. танымал актерлер ойнайды. Премьерасы 14 қарашада.

Пікірлер