• Біздің парақшалар:

Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің түсірілімі басталды

«Қазақфильм» киностудиясында «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - Болат Қалымбетов

Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы қалаларына және Алматы облысына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Соның ішінде Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақыт көрсетілмекші. 

Фильмнің қашан шығатыны әзірге айтылған жоқ.

Пікірлер