• Біздің парақшалар:

30 маусымда XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі басталады

2019 жылы 30 маусым мен 06 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді (www.eiff.kz ).

Фестивальдің ашылуы салтанаты 30 маусым күні (жексенбі) "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді. 

Кинофорумның конкурстық бағдарламасы дәстүрлі түрде оның негізгі тұжырымдамасын айқын көрсетеді. Ол - Шығыс пен Батыс арасында кинематографиялық көпір орнату.

"Еуразия-2019" негізгі байқауына Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин, Израиль, Украина, Австралия картиналары енді. Қысқа метражды фильмдер байқауына Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Беларусь, Иран, Өзбекстан, Жапония және тағы басқа елдер қатысады. Сонымен бірге, екі байқауға да отандық туындылар ұсынылған.

Фестивальдің конкурстан тыс бағдарламалары да бар: "Объектив", "Ерекше оқиға", "NETPAC таңдауы", сондай – ақ, "Еуразия жүрегінен" - отандық әр түрлі жанрда түсірілген он картина ұсынатын бағдарлама. 

Негізгі байқаудың қазылар алқасымен қатар фестивальде халықаралық кинопресса Федерациясының (ФИПРЕССИ) және Азиялық киноны ілгерілету ұйымының (НЕТПАК) беделді қазылар алқасы жұмыс істейтін болады.

Кинофильмдер Chaplin Khan Shatyr және «Хан Шатыр» СОО кинотеатрларында көрсетіледі. 

Сонымен бірге, фестиваль қатысушылары мен қонақтарын Rixos President Astana қонақ үйінде өтетін жетекші кинематографистердің мастер-кластары күтуде. 

Фестивальдің жабылу салтанаты сенбі күні, 6 шілдеде, "Қазақстан" Орталық концерттік залында өтеді. Ол жерде жеңімпаз-фильмнің көрсетілімі болады. 

Естеріңізге сала кетейік, "Еуразия" – FIAPF (халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы) регламентіне сәйкес жұмыс істейтін жалғыз қазақстандық кинофестиваль.

Кинофорумның ұйымдастырушысы "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша). Фестивальдің президенті - белгілі кинорежиссер, жазушы, ҚР Кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов.

Пікірлер