• Біздің парақшалар:

Стэнли Кубриктің "Шұғыла" фильмінің жалғасының трейлері шықты

"Доктор Ұйқы" ("Doctor Sleep") - Стэнли Кубриктің 1980 жылғы "Шұғыла" фильмінің жалғасы. Фильм Стивен Кингтің аттас романына негізделеді.

Сюжет бірінші фильмдегі басты кейіпкер - Джек Торрэнстің (Джек Николсон) ұлы Дэнни төңірегінде өрбиді. Отелдегі қанды оқиғадан аман қалған ұл ержетіп, Нью-Йорк түбіндегі хосписте жұмыс істейді. Бала кезінде басынан өткізген оқиға оның психикасына қатты әсер еткен. Қорқынышты естелігін және бойында байқалған мистикалық қабілетті тұншықтыру үшін алкоголге құмартып кеткен. Бірде ол ерекше қабілеті бар қызды кездестіреді. 

Басты рөлде Юэн МакГрегор ойнайды. Режиссері - Майк Флэнеган.

Фильм премьерасы биыл 7 қарашаға белгіленген.

Ресми тизер-трейлер:

Пікірлер