• Біздің парақшалар:

Бурак Озчивит ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің құрметті қонағы болады

Түрік актері Бурак Озчивит ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің құрметті қонағы болады. Көрермендер, әсіресе әйелдер қауымы, оны түрік телесериалдарындағы жарқын рөлдері арқылы таниды.

Бурак Түркияда 1984 жылы дүниеге келген. Мектептен кейін Ыстанбұл университетіндегі кино, бейнелеу өнері және фотосурет факультетінде оқыған.

Сонымен бірге, осы уақыттан бастап ол подиумда жұмыс істей бастады және Түркиядағы ең сұранысқа ие ер-модельдердің бірі болып саналды. Озчивит бірнеше рет "Түркияның үздік моделі" байқауына қатысып, жеңіске жеткен. Одан кейін ол "Әлемнің үздік моделі" байқауында екінші орынды иеленді.

Мұндай жетістіктерден кейін Бурак бала кезінен армандаған кино саласына бет бұрды. Актерге алғашқы үлкен жетістікті "Ғаламат ғасыр" («Великолепный век») тарихи-өмірбаян сериалы әкелді. Ал келесі жұмыс Буракты әлемге әйгілі етті. Ол – «Бозторғай» («Королек - птичка певчая») романының телеэкранизациясы. Экранға «Махаббат саған ұқсайды» ("Любовь похожа на тебя"мелодрамасы, «Кептер ұшқанда» ("Голубь взлетел") комедия ситкомы«Соқыр махаббат» ("Слепая любовь"романтикалық сериалы және тағы басқа жұмыстары шықты.

2015 жылы Бурақ Алматыға «Махаббат саған ұқсайды» фильмінің тұсаукесері аясында келген болатын

XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі 2019 жылы 30 маусым мен 06 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында өтеді.

Пікірлер