• Біздің парақшалар:

«Қазақфильмнің» 12 картинасы XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысады

2019 жылы 29 маусым 6 шілде аралығында Нұр–Сұлтан қаласында өтетін XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның 12 картинасы қатыспақ.

Барлық картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фестиваль ұйымдастырушысы - «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша). Фестиваль Президенті – танымал кинорежиссер, жазушы, Кинематографистер Одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов. 

Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі фестивальді ашады. 

Киностудия фильмдері фестивальдің әртүрлі бағдарламаларына енгізілген: 

Негізгі байқау – Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі. 

Деректі фильмдердің конкурстан тыс «Объектив» бағдарламасына – Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмі. 

«Ерекше оқиға» конкурстан тыс бағдарламасына - Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі. 

«Еуразия жүрегінен» қазақ кинематографиясының конкурстан тыс бағдарламасына киностудияның 8 картинасы кіреді: 

  • Реж. Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы»/ Хранитель» 
  • Реж. Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» 
  • Реж. Бахыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде»
  • Реж. Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ» 
  • Реж. Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтың «Қыз бен теңіз» 
  • Реж. Эмир Байгазиннің «Өзен» фильмі 
  • Реж. Ардак Әмірқұловтың «В Безмолвии» фильмі 
  • Реж. Хуат Ахметовтың «Әруақ» фильмі

Пікірлер