• Біздің парақшалар:

"Хабар" телеарнасында "Төле би" сериалы көрсетіледі

"Хабар" телеарнасында 1 шілдеден бастап "Төле би" сериалының көрсетілімі басталады. 10 бөлімнен тұратын тарихи телефильм үш жүздің бас биі болған тұлғаның өнегелі ғұмыры мен тағылымды қызметіне арналады.

Идея авторлары - Түркістан облысы әкімдігінің жетекшілігімен құрылған шығармашылық топ. Режиссері - Батырхан Дәуренбеков.

Сюжетте қазақ мемлекетінің құрылу кезеңіндегі елеулі оқиғалар көрсетіледі. Төле бидің қызметі ел тарихындағы маңызды оқиғалармен тікелей байланысты. 

Сериал эфирден 1-5 шілде аралығында сағат 21:30-да көрсетіледі.

Пікірлер