• Біздің парақшалар:

"Мулан" кинофильмінің алғашқы ролигі шықты

Walt Disney студиясының "Мулан" картинасының алғашқы тизері жарияланды. Бұл 1998 жылғы аттас мультфильмінің киноремейкі.

Фильм қытай халқының ежелгі аңызын негізге алады. Хуа есімді жауынгердің тұңғыш қызы әкесінің жолын қуады. Император әр отбасыдан бір еркектен шықсын, әскер қатарына қосылсын деп бұйрық шығарған кезде Мулан сырқат әкесінің орнына соғысқа аттанады. 

Актерлік құрамда Джет ЛиДонни Ен, Гун Ли, Йифей Лью, Джейсон Скотт Ли, Розалинд Чао, Уткарш Амбудкар, Ци Ма, Рон Йуан, Роджер Йуан бар. Режиссері - Ники Каро.

Кейбір ақпарат көздеріне сенсек, "Мулан" фильмінің өндірісіне кем дегенде 250 миллион доллар қаржы жұмсалған. Премьерасы 2020 жылы наурызда.

Пікірлер