• Біздің парақшалар:

"Томирис" фильмінің алғашқы трейлері жарияланды

Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінің алғашқы трейлері жарияланды. Роликтер екі тілде - қазақша және орысша шықты. Өндірісімен "Сатайфильм" және "Қазақфильм" студиялары айналысты.

Тарихи картинада Еуразия даласында мекен еткен сақ тайпалары туралы айтылады. Спаргап патша сақтардың басын біріктіруді ойлайды. Алайда кейбір тайпа көсемдерінің қастығы оның ойын іске асыруға кедергі болады. Ақырында Спаргап сондай қастандықтың құрбаны болады. Жетім қалған оның қызы Томирис (Тұмар) орманда жасырынып, әкесіне адал қызмет еткен адамдардың арқасында аман қалады. Қыз өскен соң тақты өзіне қайтарып, әкесінің ісін жалғастыруды көздейді. Бірақ жаужүрек Томиристі тайпааралық текетірестен де қауіпті жаумен шайқас күтіп тұр еді.

Басты рөлде Альмира Тұрсын ойнайды. Бұл оның кинодағы дебюті. Сондай-ақ, актерлік құрамда Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Мұрат Бисембин, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Байкенже Белбаев, Ерік Жолжақсынов, Кәмшат Жолдыбаева, Димаш Ақымов, Гассан Массуд, т.б. киножұлдыздар бар.

Фильмге Тимур Жақсылықов пен Әлия Назарбаева сценарий жазды. Бас продюсері де Ә. Назарбаева.

Қазақша трейлер:

Орысша трейлер:

Пікірлер