• Біздің парақшалар:

Marvel төртінші фазаның фильмдерін атады

Marvel студиясы Сан Диегодағы Comic Con кезінде МКҒ төртінші фазасының фильмдері мен сериалдарын анонстады. 2021 жылдың соңына дейін бес фильм мен бес сериал жоспарланған.

Алғашқы жоба - "Қара жесір" / "Black Widow". Басты рөлдерде: Скарлетт ЙоханссонФлоренс ПьюДэвид ХарборРэйчел Вайс. Фильм 2020 жылы 1 мамырда шығады.

Келесі - "Мәңгілер" / "The Eternals". Басты рөлдерде: Анджелина ДжолиРичард МэдденКумэйл НанджианиСальма Хайек. Картинада суперадамдар нәсілі туралы айтылады және оқиғасы ғарышта өтеді. Түсірілімі биыл күзде басталады, ал премьерасы 2020 жылғы 6 қарашаға жоспарланған.

Үшінші фильм төбелес өнерінің хас шебері туралы болады. "Шан-Чи және он сақина аңызы" / "Shang-Chi and the Legend of the Ten Rings" картинасында басты рөлде Қытай-Канада актері Суми Лю ойнайды. Премьерасы 2021 жылы 12 ақпанда.

2021 жылы мамырда Доктор Стрэндж туралы екінші дербес фильм шығады. "Ес адастырар мультиғалам" / "Multiverse of Madness" киноғаламның ең қорқынышты фильмі болады деп айтылды. Басты рөлдегі Бенедикт Камбербэтчке Алқызыл мыстан рөлімен белгілі Элизабет Олсен қосылады. Жобаға тағы да Скотт Дерриксон режиссер болады.

2021 жылдың фильмдер легін Тор туралы төртінші дербес картина аяқтайды. Оның премьерасы сол жылдың 5 қарашасына жоспарланған. "Тор: Махаббат пен Күркір" / "Thor: Love and Thunder" деп аталатын жобаның режиссерлігіне тағы да Тайка Вайтити бекітілген. Рөлдерде Крис ХемсворттыТесса ТомпсондыНатали Портманды көретін боламыз.

Анонсталған фильмдердің бесіншісінің премьера датасы мен режиссері әзірге белгісіз. Жоба вампирлермен күресуші Блэйдке арналады. Қайта жаңғыртылатын франшизада басты рөлде 2 "Оскардың" иегері Махершала Али ойнайды.

Сонымен қатар алдағы екі жылда Disney+ стриминг сервисінде "ВандаВижен" ("WandaVision"), "Локи" ("Loki"), "Сұңқар мен Қысқы Сарбаз" ("The Falcon and The Winter Soldier"), "Қыран көз" ("Hawkeye") сериалдары көрсетіледі. Толықметраж фильмдерде қаһармандарды ойнаған актерлер өз рөлдеріне оралады.

Бұған қоса 2021 жылы жазда суперқаһармандардың балама оқиғаларын баяндайтын анимациялық шоу шығады.

Пікірлер