• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: "Топ Ган", "Ведьмак", "Қорғаушылар"

"Топ Ган: Маверик" / "Top Gun: Maverick" - 1986 жылғы культқа айналған әскери боевиктің жалғасы. Сиквелде басты рөлге Том Круз оралады. Режиссері - Джозеф Косински.

Сюжетте АҚШ ӘТК ұшқыштары пилотсыз басқарылатын ұшу аппараты секілді жаңа техника түрлерімен ғана емес, жаңа қарсыластармен шайқасқа түседі. Актерлік құрамда Дженнифер КоннеллиДжон ХэммВэл КилмерМайлз ТеллерЭд ХаррисГлен ПауэллЛьюис Пуллман бар.

Премьерасы 2020 жылғы 26 маусымға жоспарланған.

"Қорғаушылар" / "Watchmen" - осымен екінші рет экрандалып отырған DC комиксі. Зак Снайдер түсірген кинонұсқа 2009 жылы шығып еді. Енді сериал форматында жаңадан ұсынылып отыр.

Сериалды жасаушы - белгілі сценарийші Дэймон Линделоф. Жоба HBO арнасынан 2019 жылы қазаннан бастап көрсетіледі.

"Ведьмак" ("The Witcher") - әйгілі компьютерлік ойынның әлемін және поляк жазушысы А. Сапковскийдің романдар сериясын негізге алған сериал. Басты рөлде - Генри Кавилл.

Сюжетте Геральт есімді құбыжық аулаушы туралы айтылады. Ол адамдары жануардан бетер жаман әлемде өз орнын тапқысы келеді. Тағдыр оны құдыретті дуагермен және құпия жасырған жас ханшайыммен жолықтырады.

Алғашқы маусым 8 бөлімнен тұрады. Премьерасы биыл жыл соңында - 20 желтоқсанда.

Пікірлер