• Біздің парақшалар:

Скорсезенің келесі фильміне Де Ниро мен ДиКаприо түседі

Фото: Dimitrios Kambouris/Getty Images North America

Мартин Скорсезе қолға алған жаңа жоба туралы белгілі болды. Дэвид Гранның "Гүлденген Ай жендеттері" ("Killers of the Flower Moon") деген шығармасын негізге алатын картинаға Роберт Де Ниро мен Леонардо ДиКаприо түседі.

Романда өмірде болған оқиға баяндалады. 19 ғасырдың соңында Осейдж тайпасының тұрғындары өз жерінен қуылып, Оклахоманың солтүстік-шығысындғы пайдасыз территорияға көшіріледі. Алайда көп кешікпей резервациядан мұнай орындары табылады. Мұнай өндірушілер тайпаға жерді пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Сөйтіп 1920 жылдары сол жердің тұрғындары байып шыға келеді. Сосын олар бірінен кейін бірін беймәлім себептермен өле бастайды. Бұл істі тергеуді жаңадан құрылған федералдық тергеу бюросы қолға алады.

Жобаның мерзіміне қатысты ақпарат әзірге жоқ.

Еске сала кетейік, Скорсезе осыған дейін аталған екі актермен де жұмыс істеді. Ал Де Ниро мен ДиКаприо "Марвиннің бөлмесі" ("Marvin's Room") және "Осы баланың өмірі" ("This Boy's Life") фильмдерінде кездесті.

Пікірлер