• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: "Жанкешті" мен "Мандалориандық"

Культқа айналған "Жанкешті" ("Breaking Bad") сериалының толықметражды жалғасының алғашқы ролигі жарияланды. "El Camino: A Breaking Bad Movie" картинасын Netflix сервисі биыл 11 қазанда көрсетпекші.

Сценариін жазған және продюсерлік еткен - түпнұсқа шоуды жасаушы Винс Гиллиган. Сюжетіне қатысты ештеңе айтылмады, негізгі екпін жаңа кейіпкерлерге қойылады делінген еді. Дегенмен сериалдағы басты кейіпкерлер - Джесси Пинкман (Аарон Пол) мен Уолтер Уайт/Хайзенберг (Брайан Крэнстон) көрініп қалуы да мүмкін.

"Жанкешті" АМС телеарнасында 2008-2013 жылдар аралығында көрсетілді. Онда өкпе рагына шалдыққан химиядан мұғалімі Уолтер Уайт туралы баяндалады. Оның отбасындағы жағдай мәз емес еді: әйелі Скайлер екінші сәбиге аяғы ауыр, үлкен ұлы церебралды сал ауырымен ауырады. Айықпас дерттен түбінде өлетінін түсінген Уолт отбасына қаржы қалдырып кеткісі келеді. Сол себепті метамфетамин жасаумен айналыса бастайды. Заңсыз бизнесіне көмекші ретінде бұрынғы оқушысы Джесси Пинкманды тартады. Сериал 5 маусымнан, 62 сериядан тұрады.

"Мандалориандық" ("The Mandalorian") - "Жұлдызды соғыстар" / "Star Wars" франшизасының әлеміне кіретін сериал. Бұл осы киноғаламның алғашқы көп сериялы спин-оффы.

Басты рөлде Педро Паскаль ойнайды. Бірінші маусым 8 эпизодтан тұрады. Әр серияның бюджеті 15 миллион доллар тұрады. Осылайша бұл шоу телевидениедегі ең қымбат жобалардың бірі атанып отыр.

Бірінші маусым Disney+ сервисіне биыл 12 қарашада шығады. Сериалда "Жұлдызды соғыстардың" танымал кейіпкерлері пайда болады деп айтылуда. Сонымен қатар, алғашқы маусым шықпай жатып екіншісін де түсіруге шешім қабылданды.

Пікірлер