• Біздің парақшалар:

"Матрицаның" жалғасы түсіріледі

Фотода: Киану РивзКэрри-Энн Мосс және Лоренс Фишбёрн

Культқа айналған "Матрица" франшизасының жалғасы түсіріледі. Variety басылымының хабарлауынша, Киану Ривз пен Кэрри-Энн Мосс өз рөлдеріне қайтып оралмақшы. Түпнұсқа трилогияны жасаған ағайындылардың (қазір апалы-сіңлілі) бірі Лана Вачовски жобаға режиссер болады.

Жобаның өндірісімен Warner Bros. Pictures және Village Roadshow Pictures студиялары айналысады. Әзірге сюжетіне қатысты, түсірілім кестесі мен премьерасы туралы ақпарат жоқ. 

"Матрица" экранға осыдан 20 жыл бұрын - 1999 жылы шықты. 2003 жылы оның екі жалғасы жарық көрді. Трилогия әлемдік прокаттан 1,6 миллиард доллар жинап, тұтас жанрдың дамуына ықпал етті.

Пікірлер