• Біздің парақшалар:

Marvel Өрмекші-адамсыз қалды

Фотода: Marvel басшысы Кевин Файги мен актер Том Холланд

Walt Disney және Sony Pictures компаниялары әріптестікті тоқтатты. Түрлі ақпарат көздерінің ақпаратына сенсек, Disney Өрмекші-адамға арналған жобаларды теңдей қаржыландырып, одан түсетін пайданы да тең бөлісуді ұсынған. Алайда Sony бұл ұсынысқа келіспей, бұрынғы келісімді сол күйінде қалдыруды қалаған. Ескі келісімге сәйкес Disney компаниясы түскен табыстың бес пайызын ғана алады.

Ақыры жаңа келіссөздер екі компанияның ортақ мәмілесін бұзуға алып келіп отыр. Нәтижесінде Marvel кинематографиялық ғаламы Өрмекші-адамсыз қалды. Ал Sony Өрмекші-адам туралы жобаларын Диснейдің қатысуынсыз өз бетімен жасайды. Питер Паркерді ойнайтын Том Холланд қалай болғанда да Өрмекші-адам рөлін ойнауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Бұл актердің қатысуымен 5 фильм жасалды. Sony студиясы оның қатысуымен тағы екі картина түсіреді деген ақпар бар. 

Соңғы шыққан "Өрмекші-адам: Үйден жырақта" фильмі әлемдік прокаттан 1 миллиард 115 миллион доллар табыс әкеліп, Sony кинокомпаниясының ең кассалы жобасы болды.

Пікірлер