• Біздің парақшалар:

"Хабар" телеарнасы қыркүйекте екі сериалын ұсынады

"Хабар" телеарнасы қыркүйекте екі сериалының көрсетілімін бастайды.

Алғашқысы - "Балтакөлде бақытым". Сюжетте Дәурен есімді педагогикалық институттың 25 жастағы түлегі туралы баяндалады. Ол әскерге бармау үшін ЖОО-ға түсіп, ұпайы ең төмен факультетті таңдайды. Оның мақсаты – бала оқыту емес, оқуын тәмамдаған соң жеке кәсібін ашу. Алайда әскери билет алу үшін институт деканы Дәуренге шарт қояды. Ол шарттың талабы – қаладан алыс жатқан ауыл мектебінде жарты жыл сабақ беру. Жігіт өмірінің қысқа бөлігін тезірек өтіп кеткенін тілеп, Балтакөл ауылындағы мектепке аттанады. Оқу процесіне де, оқушыларына да қызығушылығы жоқ Дәуреннің өмірі мүлде басқа арнаға ауысады.

Бұл сериал 2 қыркүйектен бастап көрсетіледі.

Екінші жоба - 2018 жылғы "Қарлығаш ұя салғанда" сериалының жалғасы. Оқиғасы бірінші маусымның сюжетін өрбітеді. Басты рөлдерде - Кәмшат Жолдыбаева мен Еркебұлан Дайыров.

Қарлығаш Тасқынға тұрмысқа шыққалы жатыр. Алайда тоймен қарбаласып жүрген оның тағдырына бірнеше оқиға шырмалады. "Қарлығаш ұя салғанда 2" телехикаясы 3 қыркүйектен бастап көрсетіледі (сағат 21:40).

Пікірлер