• Біздің парақшалар:

"Astana TV" телеарнасы күзде көрсететін сериалдарын таныстырды

"Astana TV" телеарнасы 2019 жылдың күзгі маусымында көрсететін сериалдарын таныстырды. Жаңа телехикаялар қатарында телеарнаның "Алмасай", "Киелі бесік" секілді жаңа төл туындылары бар.

"Алмасай" - ауыл жастарының өмірі туралы мелодрама. Басты кейіпкер Расул тағдыр дайындаған сынақтардан өтіп, шын мәнінде өмірде не маңызды екенін түсінуге тырысады. Ол қаладан ауылға көшкен кезде үлкенге деген құрмет, мықты отбасы құру, махаббат пен мейірімділікке толы жүрек, мықты отбасы құру - бұл нағыз маңызды рухани құндылықтардың бірі екенін түсінеді. Расул еңбекқор, адал адамдармен танысып, олар үшін адамгершілік қасиеті аса маңызды екенін байқап, осы қасиеттерін жоғары бағалайды.

"Шімән апаның хикаялары" - көрерменге сахна арқылы жақсы таныс осы образ. Бұл жоба қызықты хикаялардан құралған ситуациялық комедия болып ұсынылмақ. Елімізге кең танылған әзілкеш, актер Ерболат Төлегеновтың орындауындағы Шімән апаның әдемі әзіл шым-шытырық хикаяларына толы оқиғалары көрсетіледі.

"Киелі бесік" - қазақтың қасиетті саналатын қарашаңырақтың қадірін арттыруға бағыттылған жоба. Бұнда қарапайым ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі суреттеледі.

"Жүрек сыры" (ІІ маусым) - оқиға желісі апалы-сіңілі екі қыздың айналасында өрбитін теледрама. Басты кейіпкерлер Әмина мен Ақнұр - бірге туған жандар. Екеуінің сыртқы келбеттері бір-біріне ұқсағанымен, мінездері мен жан дүниелері екі түрлі. Ақнұр - алаңғасар, басын ылғи тәуекелге тігіп, шытырман оқиағалардың арасында жүретін батыл қыз. Ал Әмина, керісінше, әлжуаз, нәзік, туғанынан жүрегі ауырады. Оқиғаның басты кілті, міне, осы жүректе. Әминаны аман алып қалу үшін донорлық жүрек керек - әпкесінің жүрегі. Ал ата-ана бір қызының өмірін сақтау үшін екіншісінің өмірін қия ала ма?

Пікірлер