• Біздің парақшалар:

"Жаман жігіттер 3" боевигінің трейлері шықты

"Жаман жігіттер мәңгілік" ("Bad Boys for Life") - келер жылы шығатын, танымал трилогияның соңғы бөлімі. Басты рөлге Уилл Смит пен Мартин Лоуренс оралады.

Үшінші бөлімнің премьерасы соңғы бірнеше жылдан бері бірнеше рет өзгеріп, кейінге шегеріліп келді. Соңғы бекітілген дата 2020 жылдың қаңтары.

Фильм әріптес екі полицейдің оқиғасын әрі өрбітеді. Бернетт қызметінен кетіп, жекеменшік тергеуші болып кетеді. Лоури орта жас дағдарысына ұшырап, үйленуді ойлап жүреді. Бұрынғы әріптестердің соңына албан жендеті түскеннен кейін, екеуі тағы да күш біріктіреді. 

Трилогияның алғашқы бөлімі 1995 жылы шықты. 2003 жылы сиквелі жарық көрді.

Пікірлер