• Біздің парақшалар:

"Джокер" - Венеция кинофестивалінде үздік фильм атанды

Фото: Getty Images Europe

76 Венеция халықаралық кинофестивалінің жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлдені Тодд Филлипстің "Джокер" ("Joker") картинасы алды. Фильмде DC комикстерінің танымал кейіпкері - Джокер деген атпен белгілі зұлымның пайда болу тарихы туралы айтылады.

Сонымен 2019 жылғы Венеция кинофестивалінің жеңімпаздар тізімі:

  • "Алтын арыстан" - Үздік фильм: "Джокер" ("Joker"), реж. Тодд Филлипс; АҚШ
  • "Күміс арыстан" - Қазылардың бас жүлдесі: "Мен айыптаймын" ("J’accuse"), реж. Роман Полански; Франция, Италия
  • "Күміс арыстан" - Үздік режиссер: Рой Андерссон, "Шексіздік туралы" ("Om det oändliga"); Швеция, Германия, Норвегия
  • Вольпи кубогы - Үздік актер: Лука Маринелли, "Мартин Иден" ("Martin Eden"); Италия, Франция
  • Вольпи кубогы - Үздік актриса: Ариана Аскарид, "Gloria Mundi"; Франция, Италия
  • Үздік сценарий: Юньфань, "Черри Лейн көшесіндегі №7 үй" ("Ji Yuan Tai Qi Hao"); Гонконг, Қытай
  • Қазылардың арнайы жүлдесі: "Бұрынғыдай мафия жоқ" ("La mafia non è più quella di una volta"), реж. Франко Мареско; Италия
  • Марчелло Мастроянни жүлдесі - Үздік жас актер немесе актриса: Тоби Уоллес, "Сүт тісі" ("Babyteeth"), Австралия

"Көкжиектер" ("Orizzonti") бағдарламасында украин режиссері Валентин Васяновичтің "Атлантида" картинасы үздік фильм атанды.

76 Венеция халықаралық кинофестивалі 28 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтті. Негізгі конкурстың қазылар алқасын аргентиналық режиссер Лукресия Мартель басқарды. Фестиваль жапон режиссері Хирокадзу Корээданың "Шындық" ("La vérité") фильмімен ашылды.

Пікірлер