• Біздің парақшалар:

IV Baiqonyr халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі аяқталды

Алматы қаласында IV Baiqonyr International Short Film Festival өз мәресіне жетті. 4-8 қыркүйек аралығында, бес күнге созылған фестивальдің көрсетілімдері Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтті, және Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Алтай, Татарстан, Әзірбайжан және Беларустен келген режиссерлердің жұмысы көрсетілді.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, төртінші Baiqonyr ISFF бағдарламасы айтарлықтай жаңарды - халықаралық деңгейге шықты.  

Төртінші Baiqonyr халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын қазылар алқасының екі құрамы анықтады. Отандық қатысушылардың фильмдерін бағалаған халықаралық қазылар алқасының құрамы: төраға – режиссер, Oberhausen International Short Film Festival іріктеушісі Кристиана Бюхнер, «Үміт» ТМД елдері киносы форумының бағдарлама директоры Гульбара Толомушова, режиссер және сценарист Серік Апрымов, Eurasian Creative Guild Film Festival директоры Майра Қарсақбаева, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин, продюсер Данияр Ибрагимов. Халықаралық байқауды бағалаған ұлттық қазылар алқасының құрамы: төраға – Мәскеу халықаралық кинофестивалінің «Алтын Георгий» иегері, режиссер Фархат Шәріпов, продюсер Диана Әшімова және оператор Азамат Дулатов.

Сонымен, хылықаралық байқау нәтижесі: 

  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Изгородь», Михаил Кулунаков (Алтай Республикасы);

  • Үздік сценарий – «Видеорегистратор», Сара Кнар (Қазақстан);

  • Үздік оператор – «Франка», Павел Скакун (Беларусь);

  • Үздік актер – «Прощай», Саламат Нұрмәмбетов және Даниель Құрманалиев (Қырғызстан);

  • Үздік режиссер – «51+», Данияр Абиров (Қырғызстан);

  • Үздік фильм – «Прощай», Караш Жанышов (Қырғызстан). 

«Ұшқын» халықаралық кинофестивалінің өкілдері өзінің «Үздік студенттік фильм» номинациясын Әлішер Жәдігеровтың  «Қағаз тікұшақ» фильміне табыстады. 

Ұлттық байқаудың жеңімпаздары: 

  • «Бродвей» таңдауы — «Домбыра», Рамазан Халиолла;

  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Дипломмен ауылға», Самғар Рақым;

  • Үздік деректі фильм – «Ханские танцы», Рабиға Орынбасарова;

  • Үздік қоюшы-суретші – «Статус не свободен», Әсел Үлжебаева;

  • Үздік актер  «Шоқ», Санжар Мұстафа;

  • Үздік актриса  «Қағаз тікұшақ», Лаура Жәдігер; «Жаздың салқын түні», Әнел Исламова;

  • Үздік оператор – «Бауыр», Айдос Сүлеймен;

  • Үздік режиссер – «Бауыр», Еламан Шаубанов;

  • Гран-при – «Жаздың салқын түні», Әмір Әменов. 

IV Baiqonyr ISFF жеңімпаздарына дипломмен қатар «Алғашқы қадам» мүсіні табысталды.

Пікірлер