• Біздің парақшалар:

Әділхан Ержанов пен Әсел Сәдуақасова бірлесіп "Атбай шайқасы" деген драма түсірді

Әділхан Ержанов жаңа режиссерлік жұмысының трейлерін жариялады. "Атбай шайқасы" ("Бой Атбая" / "Atbai’s Fight") драмасын "Short Brothers" және Әсел Сәдуақасованың "Sunny Productions" компаниясымен бірлесіп түсірді. 

Сюжетте Атбай деген көше бандиті туралы айтылады. Ол жеңімпаздары алдын-ала шешіліп қойылатын көше төбелесіне қатысады. Бірақ Атбай бұл сайыста жеңіске жетуді мақсат етеді, себебі ол үшін бұл жеңіс - жаңа өмірді бастау, үлкен спортқа оралу және сүйікті әйелін қайтару мүмкіндігі.

Фильмде басты рөлдерде Данияр АлшыновӘсел СәдуақасоваСанжар МәдиДинара Бақтыбаева ойнайды.

Осы орайда айта кетейік, Данияр Алшынов пен Динара Бақтыбаева осы режиссердің "Қап-қара адам" деген тағы бір жаңа жұмысына түскен еді.

"Атбай шайқасы" картинасының әлемдік премьерасы 11-20 қазан аралығында өтетін 35 Варшава Халықаралық кинофестивалі аясында өтеді. Фильм осы фестивалдің негізгі конкурстық бағдарламасына еніп отыр.

Пікірлер