• Біздің парақшалар:

"Жыртқыш құстар" фильмінің алғашқы трейлері шықты

DC киноғаламына кіретін "Жыртқыш құстар" ("Birds of Prey") кинокомиксінің алғашқы трейлері жарияланды. Әйел қаһармандардан құралған фильмнің толық атауы - "Birds of Prey: And the Fantabulous Emancipation of One Harley Quinn" (қазақша мағынасы - "Жыртқыш құстар: Жалғыз басты Харли Куиннің қамсыз еркіндігі").

Фильмде Харли Куинн бастаған қаһарман қыздардың басынан кешкен оқиғалар баяндалады. Ол Қара шымшықпен, Аулаушымен және Рене Монтойямен бірігіп Готэмнің қандықол қылмыскері Қара Маскаға қарсы тұрады.

Сюжет желісі 2016 жылғы "Өлімге бәс тіккендер жасағы" фильмінен кейін өрбиді. Харли Куинн рөлін тағы да Марго Робби ойнайды, ал басты зұлым рөлінде - Юэн МакГрегор.

Фильм премьерасы 2020 жылы ақпанға белгіленген.

Пікірлер