• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: "Дулиттл" мен "Джунглидегі круиз"

Universal Pictures студиясы "Дулиттл" ("Dolittle") фэнтези картинасының алғашқы трейлерін жариялады. Фильмде Marvel киноғаламында бірге жұмыс істеген кіші Роберт Дауни мен Том Холланд қайта бас қосты.

Сюжеті викториандық Англияда өрбиді. Жеті жыл бұрын әйелінен айырылған ветеринар дәрігер Дулиттл көпшіліктен оқшау өмір сүреді. Оның үйінде түрлі экзотикалық жануарлар бар. Бірде жас патшайым сырқаттанып қалады да, дәрігер оған ем іздеу мақсатымен алыс сапарға аттанады. 

Фильмнен сондай-ақ Майкл ШинМарион КотийярРами МалекРэйф ФайнсЭмма ТомпсонАнтонио БандерасКумэйл Нанджиани секілді актерлерді көреміз. Әлемдік премьерасы 2020 жылы қаңтарға белгіленген, ал Қазақстан прокатына сол жылы ақпанда келеді.

Доктор Дулиттл - балалар жазушысы Хью Лофтингтің шығармалар сериясының кейіпкері. Осы кітаптарға негізделген фильмдер 1967 жылдан бері экрандалып келеді. Соңғыларының бірінде басты рөлде Эдди Мёрфи ойнады. 

Қызыққа толы саяхат туралы тағы бір фильмді Disney студиясы ұсынғалы жатыр. "Джунглидегі круиз" ("Jungle Cruise") картинасында Дуэйн Джонсон мен Эмили Блант ойнайды.

Фильм Диснейлендтегі аттас аттракционға негізделген. Сюжетте жабайы табиғат зерттеушісі Лили Хоутон туралы айтылады. Ол емдік қасиеті бар ағашты табу үшін Амазонкаға аттанбақшы. Оған бауыры Макгрегор мен круиз пароход капитаны Фрэнк серік болады.

"Джунглидегі круиз" 2020 жылы шілдедеде шығады. 

Пікірлер