• Біздің парақшалар:

Асқар Ұзабаев "Қазбат" әскери драмасын ұсынады

Асқар Ұзабаевтың "Қазбат" әскери драмасының трейлері жарияланды. Фильм прокатқа 21 қарашада шығады.

Фильм 1995 жылы болған оқиғаны баяндайды. Сол кезде Қазақстан сарбаздары тәжік-ауған шекарасындағы кикілжіңге бітімгерлік миссиямен араласқан еді. Жетінші рота Пешавар аңғарында күші басым жаумен ұрысқа түседі. Салдарынан 17 адам қаза тапты, 33 сарбаз жарақат алды.

Картинада Дәурен Серғазин, Ринат Дошибеков, Рахат Халық, Диас Мырзахметов, Индира Шынболатқызы ойнады.

Пікірлер