• Біздің парақшалар:

"Композитор" АҚШ-та 4 жүлде алды

Қытай-Қазақстан бірігіп түсірген "Композитор" Лос-Анджелесте өткен Golden Screen Awards жүлдесінің 4 марапатына ие болды. Картина "Үздік ко-өнім", «Үздік әйел рөлі» (Аружан Жазылбекова), «Үздік еркек рөлі» (Ху Чжунь) және «Үздік музыка» сыйлықтарымен марапатталды.

"Композитор" - қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды. 

Фильм биыл маусым айында қазақстандық прокатқа шыққан еді. Ал әлемдік тұсаукесері IX Бейжің Халықаралық кинофестивалінің (The 9th Beijing International Film Festival) конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Сондай-ақ бұл картина ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысып, 2 марапатқа ие болды: кішкентай актриса Ділнәз Нұрсейіт "Үздік жаңа есім" аталымында қытайлық CCTV-6 телеарнасының жүлдесін, фильмінің продюсерлік тобы ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды.

Жоба өндірісіне Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Shinework Pictures және China film coproduction corporation компаниялары қатысты.

Пікірлер