• Біздің парақшалар:

Әділхан Ержанов Азия "Оскарын" алды

Әділхан Ержанов "Asia Pacific Screen Awards-2019" киносыйлығының "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды. Азия "Оскары" аталып кеткен жүлде қазақстандық режиссерге "Қап-қара адам" фильмі үшін беріліп отыр.

Марапаттау кеші 21 қарашада дәстүрлі түрде Австралияның Брисбэн қаласында өтті. Осылайша Ержанов осы номинацияға ие болған ең алғашқы қазақстандық режиссер болып отыр.

"Asia Pacific Screen Awards" (APSA) - кино саласындағы ең ірі әлемдік сыйлықтардың бірі және ЮНЕСКО және ФИАПФ (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) қолдауымен өткізіледі.

"Қап-қара адам" фильмін "Short Brothers" және "Arizona Productions" компанияларының қатысуымен "Astana Film Fund" компаниясы түсірген. Картинаның әлемдік тұсаукесері биылғы жылдың 23 қыркүйегінде Сан-Себастьяндағы 67 Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Фильм қазақстандық прокатқа келесі жылы шығады.

Пікірлер