• Біздің парақшалар:

Қайрат Нұртас туралы фильм сәуірде шығады

Қазақстан әншісі Қайрат Нұртас туралы фильмнің түсірілімі аяқталды. Қазір картина прокатқа әзірленуде. Tengrinews.kz ресурсының хабарлауынша, әншінің өміріне арналған "Өкініш"кинотуындысы 2013 жылы сәуірден бастап элкен экранға жол тартады. 

"Фильм Қайраттың есейген шағы туралы, оның шығармашылығы мен жетістікке қалай қол жеткізгені жайында. (...) Бұл біздің тұңғыш фильміміз. Сол себепті қатты толқудамыз. Қазір әр детальді дұрыстап жасау үшін студиядан шықпаймыз", - депті фильм директоры Мира Келімбетова.

Мелодраманың түсірілімі 2012 жылы шілде айынан қарашаға дейін Астана, Ақтау және Түркістан қалаларында өткен. Фильмге әншінің ата-анасы мен бауырлары, сондай-ақ қазақ киносының белгілі тұлғалары Асанәлі ӘшімовТұңғышбай Жаманқұлов секілді актерлер түсті. Қайрат Нұртаспен бірге басты рөлдерде Сиви Махмуди, актриса Жания Джуринская және әнші Ренат Баситов ойнайды. Киноның продюсері әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова, режиссері - Мақсат Оспанов.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

Фотосурет Қайрат Нұртастың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Пікірлер

    • |
    • 12 ақпан 2013 12.02.2013
    • |
    • 18:20

    kyzyk eken

    • |
    • 15 ақпан 2013 15.02.2013
    • |
    • 19:28

    Сиви махмуди мен кайрат сиякты мажугиндер ойнаса кино жетискен екен. Апама жездем сай деп осыны айт

    • |
    • 16 ақпан 2013 16.02.2013
    • |
    • 10:48

    корип болган нан сон пикир айтканын абзалырак

    • |
    • 17 ақпан 2013 17.02.2013
    • |
    • 00:38

    Қуаныштымын

  • Кайрат Нуртастын киносы ертерек шыкса боладыго