• Біздің парақшалар:

"Басқа атылған оқ" боевигінің прокатта жолы болмауда

Сильвестр Сталлоненің қатысуымен шыққан "Басқа атылған оқ" Америка прокатында сәтсіздікке ұшырады. Солтүстік Америка аймағындағы көрсетілімдерден фильм екі апта ішінде бар болғаны 8,1 миллион долларға жуық қана пайда таба алды. 

Еске сала кетелік, Уолтер Хилл түсірген бұл боевиктің бюджеті 55 миллион долларды құрайды. Осындай қарқын халықаралық прокатта да қайталанса, фильмге өз шығындарын ақтап алу қиынға түсері анық. 

"Басқа атылған оқ" ("Bullet to the Head"; "Неудержимый") Қазақстан кинотеатрларына 7 ақпанда шықты.

Пікірлер