• Біздің парақшалар:

Майкл Бэй Меган Фоксты "Ниндзя тасбақаларға" шақырды

Майкл Бэй мен Меган Фокс (фото: beyondhollywood.com)

Режиссер Майкл Бэй мен актриса Меган Фокс арасында туындаған араздыққа қарамастан, екеуі бір жоба аясында қайтадан әріптес болады. 

Майкл Бэй өзі продюсерлік ететін "Ниндзя тасбақалар" ("Ninja Turtles") жобасына актрисаны шақырыпты. Бұл туралы киногердің өзі сайтында былай деп жазды: "Меган Фоксты отбасымызға қайтадан қайтарып алудамыз!" ("TMNT: we are bringing Megan Fox back into the family!"). Оған төрт тасбақа - Микеланджело, Донателло, Леонардо және Рафаэлдің жақын досы Эйприл О'Нилдың рөлі берілуі мүмкін.

Айта кетелік, Меган Фокс Майкл Бэйдің "Трансформерлер" фильмінен кейін аса танымал бола бастады. Яғни өзінің қазіргі атақ-даңқына аталған тұлғаның тікелей қатысы бар. Бірақ 2009 жылғы сұхбатында актриса түсіру тобына қатысты жаман сөздер айтып, режиссерді Гитлер деп атады. Сол себепті алып роботтар туралы франшизаның үшінші бөліміндегі рөлінен айырылды. Кейбір басылымдардың хабарлауынша, екеуі "Ниндзя тасбақалар" жобасы қарсаңында өзара татуласқан.

Көрнекі сурет

Батыр тасбақалар туралы жаңа жоба жасалатыны туралы 2009 жылы белгілі бастады. 2012 жылы оның режиссері болып Джонатан Либесман тағайындалғаны айтылды. Фильмнің премьерасы 2014 жылғы 16 мамырға жоспарланып отыр. 

Қазір киножобаға актерлерді іріктеу жүріп жатыр. Жуырда түсірілу жұмыстары басталуы тиіс. Төрт тасбақа жұлдыз актерлердің қатысуынсыз, motion capture технологиясы арқылы компьютермен жасалады делініп отыр.

 

Дереккөз: kinopoisk.ru

Көрнекі сурет: nebezial.deviantart.com

Пікірлер