• Біздің парақшалар:

"Запрещенные танцы" 35 млн. теңгеден астам пайды түсірді

"Орда" музыкалық тобының мүшелері түсірген Jado production компаниясының "Запрещенные танцы" фильмі отандық прокаттан барлығы 35 млн. теңгеден астам пайда түсірді. "Меломан" компаниясының мәліметінше бұл шамамен 236 мың АҚШ долларына тең.

Ерболат Беделханның көше билеріне арналған алғашқы режиссерлік жұмысы прокатқа шыққан алғашқы аптасында 15 млн. теңгеге жуық табыс тауып, 10-13 қаңтар аралығындағы уикендте Қазақстан прокатының көшін бастаған еді. 

Кинотуындының өндірістік бюджеті шамамен 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Фильм прокатқа 2013 жылы 10 қаңтарда шықты. "Запрещенные танцы" авторлары өз өнімдерін халықаралық прокатқа шығаруды жоспарлап отыр.

Пікірлер