• Біздің парақшалар:

"Сұлу мен Құбыжық" ертегісі көркем фильм болып шығады

"Сұлу мен Құбыжық" (1991) мультфильмінің бейнесі

Walt Disney компаниясы "Сұлу мен Құбыжық" ("Beauty and the Beast") ертегісінің көркем фильм нұсқасын шығаруды жоспарлауда. Бұл жайында Deadline басылымы хабарлайды.

Жаңа экранизациясының сценариін британ авторы Джо Эхирн жазбақ. Фильм актерлердің қатысуымен түсірілетін ойын туындысы болуымен ерекшеленеді.

Осыған дейін "Сұлу мен Құбыжық" ертегісі талай рет экранға шығарылды. Солардың ішінде Walt Disney компаниясының 1991 жылы жарық көрген толықметражды мультфильмі ең танымал нұсқасы болып есептеледі.

Пікірлер