• Біздің парақшалар:

Отандық "Бапкер" телесериалы жарық көреді

2013 жылғы наурыздың 18-нен бастап "Қазақстан" Ұлттық телеарнасында отандық "Бапкер" телехикаясы көрсетіле бастайды.

Сериалда бокс бапкерінің өмірі мен мақсаты жайлы баяндалған. Оның арманы мықты чемпион тәрбиелеп шығару. Сүйікті кәсібінен басқа ол бір жанұяның отағасы, аяулы әке. Бірақ өкіншке орай сүйікті ісімен жанұясын асырауға мүмкіндігі жоқ.  Сол себепті шаңырағы шайқалудың әр жақ бер жағында. Ол өз мақсатына жете алады ма?

Басты кейіпкер Бауыржанның рөлін "Сардар", "Келін", "Жеңіс семсері" кинотуындыларындағы жұмыстарымен танымал болған, Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының талантты актері Ержан Нұрымбет орындап шықты. Рөлдерге сондай-ақ Бақытжан Әлпейісов, Нұргүл Мағауина, Балтабай Сейітмамытов, Гүлшат Тутова, Алихан Аманжолов, Данияр Базарқұлов секілді отандық актерлер түсті. Режиссері - Бек Әбенов.

"Бапкер" телесериалын "Қазақстан" Ұлттық арнасында 18-ші наурызда бастап аптаның дүйсенбі-бейсенбі аралығында, сағат 21.50-де көрсетеді. Бір бөлімнің ұзақтығы - 40 минут.

Видеоанонс:

Пікірлер

    • Aibarsha
    • |
    • 28 наурыз 2013 28.03.2013
    • |
    • 15:23

    bul kino ote kuwti magan unady