• Біздің парақшалар:

"Форсаждың" кейіпкері туралы бөлек фильм жасалады

Дуэйн Джонсонның орындауындағы Люк Хоббс бейнеленген постер ("Форсаж 5")

Universal компаниясы "Форсаж" ("Fast and Furious") франшизасының тарамдалған бөлек бөлімін шығаруды жоспарлап отыр.

Спин-офф бөлім (спин-офф - негізгі сюжеттің тарамдалып баяндалуы) киносериалдың 5-ші және 6-шы бөлімінде ойнаған Дуэйн Джонсонның кейіпкері - Люк Хоббс туралы болмақ. Бұл туралы актердің өзі Empire Online басылымына берген сұхбатында айтыпты.

Люк Хоббс жайындағы тарамдалған бөлім жетінші "Форсажға" дейін шығады. Дегенмен жетінші фильм экранға қашан шығатыны әзірге белгісіз. Спин-оффтың сюжеті алтыншы мен жетінші серияның аралығында өрбиді деп айтылуда. Фильмге Дуэйн Джонсоннан өзге қандай актерлер қатысатыны белгісіз.

Еске сала кетелік, "Fast and Furious" (қазақша "Жылдам және қаһарлы" деген мағына береді) сериясымен шыққан фильмдердің алғашқысы 2001 жылы жарық көрген еді. Алтыншы бөлімі биыл мамырда прокатқа шығуы тиіс.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Пікірлер