• Біздің парақшалар:

Қазақстандық екі жоба кастинг жүргізуде

Құрметті оқырмандар, Киностанға келіп түскен екі кастинг туралы ақпаратпен бөлісіп отырмыз:

  • Кинотуынды түсіріліміне көпшілік көрініс (массовка) пен топтық көрініс (групповка) қажет. 20-40 жас аралығындағы монғолдық айбарлы-ызғарлы бет-әлпеті бар, қысық көзді, төзімді, спорттық дайындықтан өткен ер-азаматтар қажет. Сонымен қатар 5-10 жастағы актерлік қабілеттері бар түрік немесе метис қыз керек. Бақ сынаушы екі фотосуретін (1-еуі портреттік және 1-еуі тұтас бой-тұлғасын алатын), өзі туралы ақпаратты (толық аты-жөні, туған жылы, бойы, бұған дейінгі түсірілімдердегі тәжірибесі) және байланыс мәліметтерін cast1ng@mail.ru электронды мекен-жайына "Монгол" деген тақырыппен жіберуі қажет.
  • "Санжар мен Қайсар" телехикаясының ("Қазақстан" және "Балапан" телеарналары) басты және екінші кезекті кейіпкерлеріне кастинг жарияланады. Толық мәліметті келесі байланыс мәліметтері арқылы алуға болады: zeinelgabdina.ku@mail.ru, +7 701 768 56 22, Құралай. Мекен-жайы: "Қазақфильм" киностудиясы, 204-ші кабинет

Құрметті оқырмандар!

Кастингке байланысты қандай да бір сұрақтарыңызды Киностанға емес, тек көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы жолдауларыңызды өтінеміз.

Пікірлер