• Біздің парақшалар:

Қазақша "Достар" комедиялық сериалы шығады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 9 сәуір күні «Достар» атты жаңа отандық сериалдың тұсауы кесіледі. Бұл туралы «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы хабарлады.

«Достар» телехикаясы еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасының студенттерінің күнделікті өмірі, болашаққа жасалған жоспары мен қарапайым ғана адами қарым-қатынасы туралы болмақ.

Көп сериялы фильм алты студент: мұнайшы-технолог, биолог, инженер, тіл маманы, социолог маманы арасында өрбиді. Телехикаяда мектеп қабырғасындағы тек кітаби біліммен келген таным-түсінік пен өмірдің өзінен алынған сабақ, сезім мен бақталастық, адалдық пен астамдық, ауылдан келген ұяңдық пен қаланың тәкаппарлығы туралы қарама-қайшылықтар сөз болады.

Еліміздің таңдаулы оқу орнына түсіп, елорданың жас тұрғыны атанған студенттердің арман-қиялы мен таным-түсінігі әр түрлі. Алуан түрлі көзқараспен келген адамдардың тағдыры бір алаңда тоғысады. Ол - махаббат алаңы. Өмірдің ең қызықты шағы – студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көрген жастардың қарапайым адами қарым-қатынасын баяндайтын бұл телехикая мелодрама, комедия элементтері арқылы негізгі идеологиялық принциптер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталады. 

«Достар» телехикаясы «Қазақстан» ұлттық арнасынан 9 сәуірден бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.50-де көрсетіледі.

ТВ ролик:

Пікірлер

  • актерлардың ойынында жасандылық сезілмесе екен,бастысы, қалған кемшіліктеріне шыдап, көруге бармын

  • маған макс көбірек ұнайды өте жақсы жігіт деп ойлаимын

  • дана адемыгой барлыгынан ал камила ол унамайды маган ал алина норм маган бырак жыгыттерден макс унайды

    • |
    • 31 мамыр 2013 31.05.2013
    • |
    • 12:31

    Маган кинодагы КАМИЛА МАКС АЛИНА ДАСТАН УНАЙД ал ана АКЫЛГОЙ кинода вообще унамайды.ДАНА адеми кингенде,сойлеулери НОРМ.ОСЫ КИНОНЫН ЖАЛГАСЫ БОЛСА.....

    • |
    • 31 мамыр 2013 31.05.2013
    • |
    • 12:33

    Osi kinonin muzicasun kalai ska4at' etuge boldi?

    • |
    • 31 мамыр 2013 31.05.2013
    • |
    • 12:39

    Magan KAMILA unaid.kingeni temaaa.i Alina.DASTAN ADEMI,MAKSTA OTE SIMBATTI.DANA OTE KARAPAIUM.AL NURLAN SABURLI.