• Біздің парақшалар:

Талғат Теменов үш дос туралы сериал түсіреді

Талғат Теменов / Фото: teatr-musrepov.kz

Қазақстанның белгілі театр және кино режиссері Талғат Теменов "След на воде" ("Судағы із") деген көп сериялы драма түсірмек. 

"Сериалда Тәуелсіз Қазақстанның 1991 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі тари­хы көрі­ніс табады. 24 сериядан тұратын бұл картина сы­нып­тас үш достың басынан кешкен оқиғала­рын негізге ала отырып, тек адал ең­бектің ғана табысқа жеткізетінін көрсетеді. Үш дос – Мұқан, Ролан, Қасымжан әртүрлі тұр­мыс­тық қиын­дық­тарға кезігеді, алайда ар-на­мысты материалдық игіліктерге айыр­бас­тамау екінің бірінің қолы­нан келе бер­мейді", - деп жазады "Алаш айнасы" газеті.  

Режиссердің айтуынша, драматургия шарт­тарына сәйкес, кейіпкерлердің тағдыры шие­ле­ніске толы болып келеді. Біреуінің іс-әрекеті екіншісінің тағдырына ықпал етеді және осы­ның бәрі дәуір бейнесіне, уақыт тынысына сай, үйлесімді өрбиді. Сондай-ақ Теменов басты рөл­дерді ойнайтын актерлерді іріктеу жақын арада басталатынын мәлімде­ген. Жалпы, дра­ма­ның түсірілімін биылғы жазда бастау көзде­ліп отыр.

Талғат Теменов "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), "Махаббат бекеті" (1993), "Менің күнәлі періштем" (2012) секілді режиссерлік жұмыстарымен танымал. Қазір Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жас­өс­пі­рімдер театрының көркемдік жетекшісі.

 

Дереккөздер: tengrinews.kzalashainasy.kz

Пікірлер