• Біздің парақшалар:

Жәңгір хан туралы фильм түсіріледі

Ресей мен Қазақстан бірігіп Жәңгір хан туралы тарихи драма түсірмек. "Жангир. Большая игра" деген жобаны Қазақстаннан шыққан режиссер - Роза Орынбасарова қолға алды.

Фильмге сербтің танымал режиссері және актері - Эмир Кустурица да қатысады. Ол граф Михаил Милорадовичтің рөлін сомдамақ.

Сюжетте Жәңгір-Керей ханның Ресейдегі желтоқсан көтерілісі қарсаңында Санкт-Петербургке сапары баяндалады. Тарихи фильмге сценарийді қазақ қаламгері Олжан Сүлейменов жазған. Картинаның өндірісімен ресейлік тараптан "Ленфильм" айналысады.

Еске сала кетелік, Бөкейұлы Жәңгір хан (18011845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы. Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал-майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.

 

Дереккөз: cinemotionlab.com

Пікірлер

    • ыв
    • |
    • 10 сәуір 2016 10.04.2016
    • |
    • 21:13

    ыва