• Біздің парақшалар:

Зои Салдана "Галактика сақшыларына" түседі

Зои Салдана

Комикстер сериясына негізделген "Галактика сақшылары" ("Guardians of the Galaxy") фильмінің актерлік құрамына Зои Салдана қосылды. Актриса Гамора есімді жасыл тәнді өлтірушінің рөлін сомдауы тиіс.

Комикстерде Гамора - соғыстың кесірінен жойылып кеткен нәсілдің соңғы тұяғы. Сақшылардың тұрақты құрамында болған. 

Гамора / сурет авторы: Adi Granov

Осыған дейін де хабарлағанымыздай"Галактика сақшыларын" режиссер Джеймс Ганн экранға шығарады. Фильмде Жұлдыз-Лорд (Star-Lord) деген қаһарманды Крис ПрэттДракс-Қиратқыш (Drax the Destroyer) деген кейіпкерді Джеймс Ганн сомдамақ.

Киножобаның премьерасы 2014 жылғы 1 тамызға жоспарланған.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер