• Біздің парақшалар:

"Дәу өлтіруші Джек" авторларын үлкен шығын күтіп тұр

"Дәу өлтіруші Джек" фильмінен кадр

2013 жылдың ақпан айында әлемдік прокатқа шыққан "Дәу өлтіруші Джек" жылдың ең сәтсіз жобасы атануы мүмкін. Қызық оқиғалы фэнтезидің табысы әзірге көңіл көншітпей тұр.

Соңғы деректерге сәйкес, 195 миллион долларға түсірілген фильм 4-5 аптаның ішінде әлемдік нарықтан 180 миллион долларға жуық қана пайда таба алды. Өндірістік бюджеттен бөлек, картинаны жарнамалауға тағы 100 миллион доллар жұмсалғанын ескерсек, фильмді өндірген - Warner Bros. және Legendary Pictures студиялары қомақты шығынға ұшырағалы тұр. Бұл жерде жұмсалған қаржыны ақтап алу туралы айтудың өзі артықтау.

Брайан Сингердің "Дәу өлтіруші Джек" фэнтезиі Қазақстан прокатында 21 наурыздан бері көрсетіліп келеді. "Меломан" компаниясының хабарлауынша, фильмнің отандық нарықтағы екі апта ішіндегі табысы -  93 миллион теңгеден астам.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер